
Бүгін «Қаратөбе» спорт клубында ауыр атлетикадан 2010 ж.т одан кіші жастағы жасөспірімдер ұлдар мен қыздар арасында Батыс Қазақстан облысының ашық чемпионаты өтуде.
Чемпионат Қазақстан Республикасы Президентінің салауатты емір салтын және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі жолдауын іске асыру, жастарды спорт түрлерімен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында оздырылды.
Дүбірлі додаға «Олимпиада резервінің облыстық мамандырылған мектеп-интернат колледжі» КММ (Орал қаласы), «№1 ОРМБЖМ Олимпиадалық резервтік мамандандырылған балалар жасөспірімдер» мектебі, Қаратөбе ауданы, Жалпақтал ауылы, Казталов БЖСМ, Тасқала БЖСМ, Ақжайық БЖСМ командалары қатысты.
Чемпионаттың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев, Батыс Қазақстан облысының ауыр атлетика тобының аға жаттықтырушысы, ауыр атлетикадан ҚР спорт шебері Дәурен Байтереев барлық спортшыларға ізгі лебізін жолдап, спортшыларға сәттілік тіледі.
Айта кетейік жарыс қорытындысы алдағы уақытта жарияланатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/978192?lang=kk

Жауап қалдыру