
Елордалық ТЖ департаментінің қызметкерлері ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызмет өткеру және оларды азаматтық қорғау бөлімшелеріне одан әрі жұмысқа орналастыру, сондай-ақ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына оқуға түсу үшін іріктеу және алдын ала зерделеу бойынша оқу орындарының студенттерімен үгіт-насихат жұмыстарын бастады.
Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде әскери қызмет өткергісі келетін кандидаттар Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне А. Жангелдин көшесі 24 мекенжайы бойынша немесе 99-93-28, 55-96-61, 8707-484-79-00 телефон нөмірі бойынша жүгіне алады.
Сонымен қатар, жастарды әскери қызмет өткеруге ынталандыру мақсатында мерзімді қызмет кезеңіне кредиттік каникулдар беру және ҰБТ тапсырусыз жоғары оқу орындарына түсу бойынша жеңілдіктер беру жөніндегі іс-шаралар кешені әзірленді.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/978760?lang=kk

Жауап қалдыру