Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Сараптамалық кеңестің отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 10 сәуірде сағат 10:30-да мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің ШҚО бойынша департаменті еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Сараптамалық кеңестің отырысын өткізді.

Отырысқа мемлекеттік органдардың, кәсіподақтар өкілдері, сондай-ақ ағымдағы жылы ауыр және өліммен аяқталған жазатайым оқиғаларға жол берілген 20 кәсіпорынның басшылары қатысты.

ШҚО бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы Б. Қизатов 2025 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттанудың жай-күйі туралы кіріспе сөз сөйледі.

ШҚО ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дәурен Сағдолданұлы Ибраев өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратпен сөз сөйледі.

МЕИК ШҚО бойынша департаментінің еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Қабаев Асланбек Арстанбекұлы еңбекті қорғау бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне енгізілген өзекті өзгерістер туралы хабарлады.

“ШҚО кәсіподақ орталығы” АКБ төрағасы Т.Ж. Қасымжанов еңбекті қорғау жүйесіндегі кәсіподақтардың шешуші рөлін атап өтіп, ұжымдық шарттар жасасу және әлеуметтік әріптестікті дамыту қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ, “Industrial Explosives” ЖШС, “ДимСтрой” ЖШС, “Шығыс жылу” АҚ, “Altyn Shyghys” ЖШС, “Nurmad Company”ЖШС өкілдері өз кәсіпорындарында еңбек жағдайларын жақсарту және жарақаттануды азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасады.

Кеңес барысында жазатайым оқиғалардың себептері мен оларды жою жөніндегі іс-шаралар талқыланды, сондай-ақ өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетуге бағытталған ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/975571?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді