
2025 жылдың 17 сәуірінде Жамбыл облысының Әділет департаменті «ҰЗМИ» РМК, «ДАМУ» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп Zoom платформасы арқылы «Ұлттық тауарларды жылжытудағы Географиялық нұсқама», «Өнімділікті арттыруға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шаралары» және «Жамбыл облысының инвестициялық преференциялары» тақырыптарында өңірдің мүдделі ұйымдары мен кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатысуымен семинар өткізді.
Семинар барысында спикерлер Географиялық нұсқаманы құқықтық қорғау және олардың аймақтық брендтерді дамытудағы рөлі, Инвестициялық шарт негізінде заттай грант беру, Салықтар бойынша жеңілдіктер, Инвестициялық субсидиялау және Мемлекеттік қолдау бағдарламалары мәселелерін туралы түсіндіріп өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша барлық қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/979052?lang=kk

Жауап қалдыру