
Қарағанды көлік өңірінің темір жол станциялары халқының денсаулығына химиялық факторлардың әсерін зерттеу, аурулардың пайда болуының алдын алу шараларының тиімділігін бағалау және олардың пайда болуын болжау мақсатында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қоршаған ортаның жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізді.
Басқарма мамандарымен «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің қатысуымен, Балқаш және Саяқ станцияларында қоныстану аумақтарының бақылау нүктелерінде, теміржол көлігінің әсер ету аймағында өтіп бара жатқан теміржол жылжымалы құрамдарынан шу және атмосфералық ауаның ластану деңгейіне мониторинг (бақылау) ұйымдастырылып жүргізілді.
Зерттеу қорытындысы бойынша шу мен атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кету анықталған жоқ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/978733?lang=kk

Жауап қалдыру