JOLTAP жобасы Астана тұрғынының жаңа карьера бастауына қалай көмектесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордада JOLTAP жобасын сәтті жүзеге асырып келеді. Бұл қала тұрғындарына жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың жаңа салаларды меңгеруіне және табысын арттыруға көмектеседі. Астана тұрғыны Гүлшара Тұрқайдарова жобаға қатысу оның жаңа кәсіби саланы меңгеріп, жұмыс істеуіне қалай көмектескенін айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жоба аясында Гүлшара тігіншілікті аяқтап, одан кейін «Сән дизайнері» курсында оқуын жалғастырды. Оқуды тәмамдағаннан кейін бір ай өткен соң елордадағы фабрикаға тігінші болып жұмысқа орналасты.

«Бала күнімнен тігін тігуді жақсы көремін, JOLTAP жобасы туралы білгенде бірден осы салада бағымды сынап көргім келді. Астанадағы модуль пунктке барып, курсқа жазылдым, арада көп өтпей, оқуымды бастадым. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ұстаздарымыз – Фарида Арыстанқызы мен Анар Төлегенқызы – керемет мамандар. Олар барлығын бүге-шүгесіне дейін түсіндіріп, маған көмектесіп, үнемі қолдау көрсетіп отыратын», – деп атап өтті астаналық.

Сертификат алғаннан кейін Гүлшара алған білімін іс жүзінде қолдана бастады. Қазір ол кәсіби дамуын жалғастыруда – аяқ киім тігу саласын меңгеріп, тағылымдамадан өтіп жүр.

Айтуынша, JOLTAP жобасы сабақ беріп қана қоймай, жаңа карьера жолына есік ашады.

«Қысқа уақыт ішінде қалаған мамандық бойынша білім алып, бірден жұмысқа кірісе аласыз. Бұл өте ыңғайлы және тиімді. Жобаны ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Бұл маған көптен бергі арманымды жүзеге асыруға және өз кәсібімді табуға мүмкіндік берді», – деп атап өтті ол.

Бүгінде Гүлшара жаңа салада сенімді жұмыс істеп, жобаны өзгелерге де кеңес етіп жүр.

«JOLTAP-қа қатысқаныма өте қуаныштымын, бұл алға жасалған үлкен қадам болды. Ұйымдастырушылар мен жоба қызметкерлеріне алғыс айтамын», – деп жоба түлегі алғысын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/976897?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді