Кәмелетке толмағандар арасындағы экстремизм мен терроризм тақырыбында профилактикалық әңгіме

Жарияланды:

Автор:

категорияда

           2025 жылғы 16 сәуірі күні «Тобыл Арена» спорт кешенінде Қостанай облысы Полиция департаменті мен облыс әкімдігі Дін істері басқармасының бірлесіп ұйымдастыруымен профилактикалық әңгіме өткізілді. Іс-шара кәмелетке толмағандар арасындағы экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған Жол картасы аясында жүзеге асты. Шараға аккредиттелген спорт федерацияларының өкілдері, бапкерлер және жекпе-жек спорт түрлерінің спортшыларын қосқанда 140-тан аса адам қатысты. Қазіргі таңда облыста жекпе-жектің 24 федерациясы аккредиттелген, олардың қатарында бокс, еркін және грек-рим күресі, дзюдо, таеквондо сияқты олимпиадалық спорт түрлері, сондай-ақ ММА, кикбоксинг, каратэ, кудо, қазақ күресі секілді олимпиадалық емес бағыттар бар. 

            Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Жанибек Жалғасбайұлы Файзолла «Деструктивті діни ағымдар: белгілері мен қауіпі» тақырыбында баяндама жасады. Мұндай ағымдардың ерекшеліктеріне – өзге көзқарастарға деген агрессия, қоғамнан оқшаулану, санаға әсер ету, ұғымдарды алмастыру және қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін әрекеттерге үндеу жататынын атап өтті. Сондай-ақ жастардың жалған діни идеологияларға бейімділігі артып келеді. 

             Терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін жауапкершілік және теракт қаупі төнген жағдайда іс-қимыл туралы аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Азат Берікұлы Малгельдин түсіндіріп өтті. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жалған мина орнату туралы хабарламалар мәселесі өзекті болып қалуда. Жыл басынан бері облыста осындай сегіз жағдай тіркелген. Оның бірінде құқық бұзушының жасы кішкентай болғандықтан қылмыстық іс тоқтатылған, алайда анасына ҚР ӘҚБт 127-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылған. Профилактикалық кездесулер жастардың сыни ойлауын қалыптастыру, діни сауаттылығын арттыру және экстремизм мен терроризмге қатысты құқық бұзушылықтар үшін заң алдында жауапкершілікті түсінуі үшін маңызды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sport/press/news/details/977902?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді