
KazAID төрағасымен халықаралық баспасөз туры аясындағы сұхбат
Астана, 2025 жылғы 14 сәуір – Халықаралық баспасөз туры аясында KazAID Басқарма төрағасы Аркен Арыстанов Әзірбайжан, Бельгия, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның жетекші БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
Әңгімелесу барысында Аркен Арыстанов KazAID қызметінің басым бағыттары, ағымдағы жобалар, сондай-ақ KazAID өз жұмысының тиімділігін қалай бағалайтыны туралы айтты. Тұрақты даму, экология және білім беру саласындағы KazAID бастамаларына ерекше назар аударылды.
Сұхбат ашық және сындарлы форматта өтті, KazAID қызметінің халықаралық ынтымақтастығы мен ашықтығын ілгерілету жөніндегі диалогтың маңызды бөлігіне айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/978128?lang=kk

Жауап қалдыру