
Кентау қаласында 2025 жылға жоспарланған автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары басталып, қарқынды жүргізілуде.
Қала әкімі Жандос Тасов жол құрылысы жұмысының барысын аралап бақылады. Құрылысқа жауаптыларға ең алдымен асфальт төсеу жұмыстарының сапасы болуын ескертіп, техникалық талаптарға сай уақытылы аяқ алуына баса назар аудару керектігін атап өтті.
Бүгінгі таңда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында Бүргем елді мекенінде ұзындығы 2,3 шақырымды құрайтын Ш. Ниязов және А.Сүйіндіков көшелерінде жолдың негізін қалпына келтіру және суағар жүйелерін орнату жұмыстары басталды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қала аумағындағы 5 көшеде ұзындығы 6,3 шақырымды құрайтын жолдарға,«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жұмыстар бастау алады.
Атап айтқанда, Қарнақ ауылындағы Әз-Жәнібек, Баитов, Нұр, Бумын қаған және Үйрек ата көшелерін қамтитын 3, 65 шақырым жолға,
сондай-ақ Хантағы ауылындағы Қаратау, Иманов, Торлан, Назаров және Тоқаев көшелеріндегі 5,2 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Айта кетейік, 2024 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қарнақ және Байылдыр ауылдарында жалпы ұзындығы 14,3 шақырымды құрайтын 18 көшенің автомобиль жолын, және 2,27 шақырымды қамтитын 4 көшеде аяқ жол салу жұмыстары жүргізілген. Бұл нысандар 2025 жылға өтпелі болып табылады.
Орташа жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында аяқтау көзделіп отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/976309?lang=kk

Жауап қалдыру