
2025 жылдың 18 сәуірінде аудан мәслихатының кезектен тыс 26-ші сессиясы өтті. Сессия жұмысына Есіл ауданы әкімінің орынбасары А.К.Бектасова, «АМАНАТ» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.С.Некібаев, бөлім басшылары қатысты.
Мәслихат депутаттары келесі мәселелерді қарастырды:
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қазандағы № 9/118 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 15/227 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 15/228 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 15/226 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданы мәслихатының Регламентін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 2 ақпандағы № 15/57 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 17 мамырдағы №19/231 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №27/314 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sko-esil/press/news/details/978835?lang=kk

Жауап қалдыру