Кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту – ел экономикасының қайнар көзі. Көктем келіп, күн жылынғанда құрылыс жұмыстары қарқынды жүретіні мәлім. Баспана тұрғызғандар үйін сәнді ету үшін құрылыс заттарының барынша заманауи үлгісін таңдайды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту – ел экономикасының қайнар көзі. Көктем келіп, күн жылынғанда құрылыс жұмыстары қарқынды жүретіні мәлім. Баспана тұрғызғандар үйін сәнді ету үшін құрылыс заттарының барынша заманауи үлгісін таңдайды.
Ал, үйінің кең көлемде жарық болуын қалағандар пластик терезе жасайтын маманға жүгінеді.
Бүгін, 15 сәуір «Ақжол» партиясынан №4 сайлау округіне сайланған қалалық мәслихат депутаты Байсейтов Ғибрат Мұратұлы өз сайлау округінде орналасқан «СК Сұлтан Бейбарыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты.
Аталған мекеме пластикалық есік, терезелер шығарумен қатар, офистік, ас үй жиһаздарын жасап шығарады.
Депутат Ғ.Байсеитов кәсібінен береке іздеген серіктестік директоры Нұртуған Базарбайұлына сәттілік тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/976642?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді