
Ақмола облысының орталығында 20-ға жуық әлеуметтік және инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатыр.
Жұмыс сапары аясында облыс әкімі Марат Ахметжанов олардың құрылыс барысымен танысты.
Сарыарқа шағын ауданында өңір басшысы 588 орынға шақталған мектеп-интернаттың құрылыс алаңын аралады. Қазіргі таңда нысанда ішкі әрлеу және шатыр жабу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Марат Ахметжанов құрылысты барынша қысқа мерзімде әрі сапалы түрде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, Көкшетау қаласы әкімдігіне кіреберіс жолдар салып, автотұрақтар ұйымдастыруды қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.
Халықтың демалыс орнына айналған Копа көлі жағалауында көшесі бойындағы аумақты абаттандыру жұмыстары басталды. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Қазцинк» акционерлік қоғамының қатысуымен жүзеге асырылуда, ал құрылыс жұмыстарын «АБК Автодор НС» ЖШС жүргізуде.
Нысанды аралау барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов брусчатка төсеу сапасына назар аударып, мердігерге тиісті ескерту жасады.
Учаске басшысы Николай Митрофанов анықталған кемшіліктердің барлығы қысқа мерзім ішінде техникалық талаптарға сай түзетілетінін жеткізді.
Сапар қорытындысында өңір басшысы құрылыс алаңдарындағы жұмысшылар санын арттырып, жобалардың орындауда құрылыс басқармасының бақылауын күшейтуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/977049?lang=kk

Жауап қалдыру