
Байзақ ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының ұйымдастыруымен Сарыкемер ауылы, Ақәділ Суханбаев атындағы саябақта Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай, «Біз терроризм мен діни экстремизмге қарсымыз!» ұранымен «Көше ойындары-2025» атты Жамбыл облысының спорттық фестиваліне Байзақ ауданының іріктеу жарыстары болып өтті. Іріктеу жарыстары спорттың стритворкаут, мас-рестлинг, гір спорты, арқан тарту және стритбол түрлері бойынша өткізіліп, жекелей орындар анықталады. Аудандық кезең 16 жасқа дейін, 16-20 жас аралығы, 21 жас және одан жоғары ерекшеліктері бойынша өткенін айта кетейік. Аса тартысқа толы, қызықты сәттермен ерекшеленген жарыста жалпыкомандалық есепте Түймекент ауылдық округі топ жарып, жүлделі бірінші орынға ие болды. Ал, Мырзатай ауылдық округінің спортшылары жүлделі екінші орыннан көрінді. Сарыкемер ауылдық округінің командасы үздіктер қатарынан табылып, жүлделі үшінші орынды қанжығасына байлады. Ақпараттық медиа орталығы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/977869?lang=kk

Жауап қалдыру