Мәслихаттың кезектен тыс жиырма жетінші сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мәслихат төрағасы Анар Даржанованың төрағалығымен мәслихаттың кезектен тыс жиырма жетінші сессиясы өтті.

Депутаттардың қарауына Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту  туралы шешімге өзгерістер енгізу сұрағы шығарылды.

Мәселен, шешімге сәйкес, Жеңіс күніне орай: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 5 млн. тг. (1272 АЕК), теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 353 мың тг. (90 АЕК), тыл ардагерлеріне – 153 мың тг. (39 АЕК) бір реттік төлем берілмек.

Сондай-ақ отбасының жан басына шаққандағы табысын есепке ала отырып, аз қамтылған отбасыларға, ата-анасының қамқорлығы жоқ тұлғаларға, әлеуметтік мәні бар аурулардың бірінен зардап шегетін тұлғаларға, шешімге сәйкес әлеуметтік көмек берілуі тиіс басқа да тұлғаларға – 117 мың тг. (30 АЕК) мөлшерінде бір реттік көмек көрсетіледі.

Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасары Әсет Оралбаев, Қоғамдық кеңес төрағасы Гүлмайрам Габдушева қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe/press/news/details/978112?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді