Макинск қаласының дамуы талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бұланды ауданында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әмренованың төрағалығымен Макинск қаласының даму мәселелеріне арналған жиын өтті. Басқосуға аудан әкімі, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ облыстық басқармалар мен мекемелердің, ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кеңесте аудан орталығының инфрақұрылымын жақсарту, арық жүйесінің тиімділігін арттыру және кешенді абаттандыру шараларын жүзеге асыру мәселелері қаралды. Облыс әкімінің орынбасары көктемгі су тасқынына дайындық деңгейінің жеткіліксіз екенін айтып, қазіргі жағдайға терең талдау жүргізу және мұндай қателіктердің қайталануына жол бермеу қажеттігін атап өтті.Сонымен қатар, реновация бағдарламасы аясында көпқабатты тұрғын үйлер салу мәселесі жеке қаралды.

Жиын қорытындысы бойынша аудан әкіміне бірқатар нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, қарды шығару жұмыстарына бөлінетін қаржыны ұлғайту, қаланы абаттандыру жұмыстарын жандандыру, су өткізу жүйелерін жаңғырту, көпқабатты тұрғын үйлердегі меншік иелері бірлестіктерін құруға жәрдемдесу және су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға дер кезінде көмек көрсету міндеттелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/975698?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді