Meeting with the population of the Burlinsky rural district

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Бөрлі аудандық мәслихатының төрағасы К.Ермекбаев Бөрлі ауылының тұрғындарының алдында атқарған жұмыстары туралы есебін берді.

📎Кездесуге облыстық мәслихат депутаты А.Агаев, “AMANAT” партиясы Бөрлі аудандық филиалының атқарушы хатшысы В.Пермитина, Бөрлі ауылдық округінің әкімі Ә.Зарифов қатысты.

📎Кездесу барысында М.Давлетьяров, М.Өтемұратов,Қ. Кутлугалямова жайылымдар, ШҚ- ның жер телімінің шекараларын белгілеп қоршау туралы, ауылішілік жолдар, ауылдағы зираттарға баратын жолдардың жағдайы, Бөрлі-Ақсай тас жолын жөндеудің қажеттілігі, жолаушылар тасымалы, Ақсай қаласындағы Жарсуат сауда үйінің қасындағы аялдаманы қалпына келтіру сынды т.б. мәселелерді көтерді.

📎Сонымен қатар жер кезегінің тізімін атқарушы орган жергілікті қауымдастықпен бірлесіп тексеріп қарауын да ұсынды. Ауылдың ақсақалы Жеткін ағай ауылға келген дәрігер мамандарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін көтерген болатын.

📎К.Ермекбаев өзінің сайлауалды бағдарламасында көрсеткен бағыттарының бірқатары орындалғанын белгілей келе, тұрғындардың көтерген кейбір мәселелерінің шешілуіне ат салысатындығын жеткізді.

📎Сонымен қатар бірқатар мәселелер бойынша құзіретті органдарға депутаттық сауалдар жолданатынын, назарға алынатынын айтты.

📎 Кездесу соңында тұрғындардың жеке сұрақтары бойынша депутаттар қабылдау өткізді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/978477?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді