
Өңірдегі 97 білім беру ұйымының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен жалпы орта білім беретін мектептердің 122 тәрбиеленушісінің қатысуымен «Жауқазын» облыстық олимпиадасының қорытындысы шығарылды. Олимпиада Павлодар қаласындағы № 35 жалпы білім беретін мектепте облыстық білім басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығымен өткізілді.
Олимпиада қорытындысы бойынша облыстың 61 қатысушысы жүлделі орындарға ие болды, соның ішінде 27-сі Павлодар қаласының қатысушысы. Олар Павлодар облысы білім басқармасының түрлі деңгейдегі дипломдарымен марапатталды.
Облыс бойынша 14 қатысушы І орынды иеленді, оның ішінде Павлодар қаласынан 7 мектеп жасына дейінгі бала – № 29 балабақшадан Исина Әдия, Раян Жұмабеков (№ 46), Ратмир Гумаров (№ 102), Арин Головлин (№ 96), Злата Рубан (№ 19), Ева Христюк(№ 8), Клемент Мирон (№ 51).
Облыста 20 мектеп жасына дейінгі бала ІІ орынды иеленді, олардың 11-і Павлодар қаласының тәрбиеленушілері – № 12 балабақшадан шыққан Тлешова Жансая, Құрманбай Жаһангер-Сұлтан және Болат Айлин (№ 37), Анарбаева Алима (№ 25), Солтанхамит Әбілмансұр (№ 9), Құсаин Мирас (№ 111), Шаймерден Жансерік (№ 33), Кожанова Ясмина (№ 18), Акылбек Камиль (№ 24), Күренбай Мұхаммедәлі және Ярышев Тамерлан «Детвора» жеке меншік мектебінен.
Облыста ІІІ орынды 27 кішкентай эрудит иеленді, олардың 9 Павлодар қаласынан – № 8 сәбилер-бақшасынан Жәнібекұлы Бексұлтан, Кузьмина Яромила (№ 18), Амельченко Егор (№ 27 – даму орталығы), Косогор Мирон (№ 24), Яцук Тихон (№ 17), Садырбаев Тимур (№ 53), Волгужина Кира (№ 79), Медведенко Тимур (№ 85), Ларгизов Андрей (№ 42 мектепке дейінгі гимназия).
«Алғыр балауса», «Ойшыл балдырған», «Зерек бүлдіршін» номинацияларына облыстың 61 қатысушысы ие болды, олардың 9-ы Павлодар қаласы.
«Алғыр балауса» номинациясы бойынша № 48, 47, 43, 122, Кенжекөл ауылының № 20 балабақшаларының тәрбиеленушілері.
«Ойшыл балдырған» номинациясын № 122, 46, 8 балабақша тәрбиеленушілері иеленді.
«Зерек бүлдіршін» номинациясын № 2, 3, 4, 120 балабақшаларының тәрбиеленушілері, Кенжекөл орта мектебінің мектеп алды сыныбы иеленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/977104?lang=kk

Жауап қалдыру