Мойынты станциясында санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық бойынша семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Мойынты станциясында семинар форматында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында тамақтан уланудың алдын алу, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптары түсіндірілді. Атап айтқанда, қызметке рұқсат құжаттарын алу тәртібі, мерзімді медициналық тексеруден уақытылы өту, сондай-ақ өндірістік бақылауды ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

Семинарға Мойынты станциясының қызметкерлері мен жолаушыларына тамақтану қызметін көрсететін жеке кәсіпкерлер қатысты.

Бекіту материалы түрінде бруцеллездын, сібір жарасының, микроспория алдын алу туралы жадынамалар мен буклеттер таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/976353?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді