Облыс әкімі ауданымызға жұмыс сапарымен келді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңір басшысы Берік Уәли ауданымызға қарасты Қайнар ауылына арнайы іссапармен келді.

Іссапар барысында өңір басшысы Қайнар ауылында өтіп жатқан көктемгі сенбілікке белсене қатысып, ауыл жастары және тұрғындарымен бірге спорт кешенінің алдына шырша көшеттерін отырғызды.

Бұл игі шара елді мекеннің көркіне көрік қосып қана қоймай, жастарды табиғатты аялауға, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған.

Облыс әкімі табиғатты қорғау мен көгалдандыру жұмыстарының маңыздылығын атап өтіп, ауыл тұрғындарын белсенділік танытқаны үшін алғысын білдірді.

Өңір басшысының сапары аясында ауылдағы әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым жұмыстары да назардан тыс қалмады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/976569?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді