Облыс басшысы Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес, бүгін облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов басқарма басшыларымен бірге Қарауыл ауылына арнайы іссапармен келді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс басшысы Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес, бүгін облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов басқарма басшыларымен бірге Қарауыл ауылына арнайы іссапармен келді. Сапар мақсаты — ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында атқарылатын іс-шараларға дайындық барысымен танысу.

Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы мерейтой аясында жоспарланған мәдени-көпшілік іс-шаралар өтетін негізгі нысандарды таныстырып, олардың инфрақұрылымдық жағдайы мен дайындық деңгейін баяндады. Сонымен қатар, аудан басшысы мерейтойды жоғары деңгейде өткізу мақсатында облыс тарапынан қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге қатысты нақты ұсыныстарын жеткізді.

Іссапар аясында жауапты басқарма өкілдері көтерілген мәселелерді назарға алып, тиісті қолдау көрсету бойынша жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/977639?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді