Облыс басшысы Қайнар ауылына жұмыс сапары барысында бірқатар маңызды нысандарды аралады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сапар барысында облыс әкімі ең алдымен Қайнар ауылындағы ауылдық аурухананың жұмысымен танысты. Аурухана ұжымымен кездесіп, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Сапар кезінде облыс әкіміне аурухана ғимаратының әбден тозығы жеткені және қазіргі талаптарға сай келмейтіні туралы айтылды.

Медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында жаңа аурухана ғимаратын салу қажеттігі көтерілді. Ауыл тұрғындары мен медицина қызметкерлері бұл мәселенің көптен бері шешімін таппай келе жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар, ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында нақты шаралар қабылданатынын айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/976574?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді