
Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев «Тараз қалалық Отбасын қолдау орталығының» ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Өкіл адамның іргелі құқықтары, оларды қорғау және Қазақстан Республикасында іске асыру тетіктері туралы сондай-ақ ҚР «Бала құқығы және ата-ананың міндеттері» тақырыбында баяндама жасап, Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Республика бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес баланың құқықтары мен ата-ананың міндеттері, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратпен бөлісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-zhambyl-oblysy/press/news/details/975981?lang=kk

Жауап қалдыру