
Бұл спорттық шара – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының құрылғанына 100 жыл толуына арналған маңызды тарихи оқиғаларға орай өткізілуде.
Турнир Өскемен мұз айдынында қатарынан екінші жыл ұйымдастырылып отыр және игі дәстүрге айналуда. Биыл да турнир қожайындары еліміздің әр өңірінен келген мықты алты командаға қонақжайлық танытып отыр. Жалпы кубок үшін барлығы 7 команда – Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ, ҚР ІІМ МҚКБ құрамасы жеңіс үшін күресетін болады.
Өскемен құрамасы – мұз айдынында ерекше жылы атмосфера қалыптастырды. Ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті: трибуналардағы жанкүйерлердің қолдауы, ойыншылардың жауынгерлік рухы мен спорттық жігер турнирдің басталуын әсерлі әрі есте қаларлықтай етті.
– Полиция – тек құқық тәртібін қамтамасыз ететін құрылым ғана емес, сонымен қатар дене дайындығы мықты, бірлікті ұйым. Мұндай жарыстар командалық рухты нығайтып, төзімділікті арттырады. Бұл – ішкі істер органдарындағы қызмет күш-жігерді, абырой мен іске адалдықты қажет ететінін тағы бір дәлелдейді, – деп атап өтті ШҚО ПД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Серік Манапов.
Алда тартысты ойындар, қызықты кездесулер мен әсерлі жеңістер күтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/977253?lang=kk

Жауап қалдыру