Өскеменде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлер арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15 сәуірде Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында Шығыс Қазақстан облысының қалалық және аудандық ардагерлер ұйымдарының қатысуымен қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны – тоғызқұмалақ бойынша турнир ұйымдастырылды.
Іс-шараның ұйымдастырушысы – «Ардагерлер ұйымы» РҚБ-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалы.
Турнир Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында ұйымдастырылды және аймақтағы ардагерлер қауымдастықтарының жұмысын қолдауға әрі жандандыруға бағытталған.
Турнирдің мақсаты – тоғызқұмалақ ұлттық ойынын дамыту, егде жастағы адамдар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оларды спорттық және қоғамдық өмірге белсенді араласуға ынталандыру, сондай-ақ облыстың қалалық және аудандық ардагерлер ұйымдары арасындағы байланысты нығайту.
Турнир қатысушылары мықты дайындалған, стратегиялық ойлау қабілеттері жоғары және ата дәстүрді сақтап, келешек ұрпаққа жеткізбек. Жарыс аға буын өкілдерінің бірлігін нығайтып, жылы әрі достық орта қалыптастырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/976837?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді