Омбудсмен ТМД Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының отырысына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының IV отырысынақатысты.

Отырыс барысында Омбудсмен екі тақырып бойынша баяндама жасады.

Алғашқысы – ТМД елдерінің пенитенциарлық жүйелеріне халықаралық стандарттарды енгізу мәселесіне арналды. А. Ластаев жүргізілген талдаудың нәтижелерін ұсынып, нормативтік базаның сапасы мен ауқымына,қабылданып жатқан практикалық шаралардың тиімділігіне шолу жасады. Сонымен
қатар қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіруге бағытталған нақты ұсынымдар жарияетілді.

Омбудсмен қатысушы мемлекеттердің басым бөлігі халықаралық шарттардың негізгі ережелерін ұлттық заңнамаға енгізгенін атап өтті. Дегенмен, ұстау жағдайларын жақсарту, пробация қызметін дамыту, персоналдың біліктілігін арттыру, халықаралық ынтымақтастықты күшейту және пенитенциарлық жүйелерді гуманистік қағидаттар негізінде дамыту қажеттілігі өзекті болып отыр.

Екінші баяндама ТМД елдерінде шағымдарды қарау мәселесіне арналды. Атап айтқанда, құзыреті, өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдері, қабылданатын шешімдердің құқықтық салдары және олардың тиімділігі талқыланды.

А. Ластаев атап өткендей, шағымдар азаматтарды толғандырған негізгі мәселелерді айқындауға және құқық қорғау күн тәртібін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Өтініштерді қарау барысында адам құқықтарын қорғау – әділдікті қалпына келтірумен қатар, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға ықпал етеді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Комиссия жұмысынақатысуы өңір мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, адам құқықтарын қорғау саласындағы бірыңғай ұстанымдарды ілгерілетуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/978338?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді