Оралда Қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14 сәуір күні Орал қаласында қазақ күресінен 2005–2007 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының ресми ашылу салтанаты өтті.

 

Чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен, атап айтқанда Батыс Қазақстан облысынан бөлек 16 облыстан және 3 республикалық маңызы бар қаладан келген 468 спортшы қатысуда.

 

Жарысқа қатысушылар келесі салмақ дәрежелері бойынша бақ сынауда:

Ұлдар: -55, -60, -66, -72, -78, -84, -90, -100, +100 кг және «Түйе балуан» санаты

Қыздар: -44, -48, -52, -56, -60, -65, -70, +70 кг

 

Ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қазақ күресі Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов  қатысып, жас балуандарға сәттілік тіледі..

 

Чемпионаттың алғашқы күні Батыс Қазақстан облысының спортшылары үшін сәтті аяқталды. Боз кілемге шыққан жерлестеріміз 1 күміс және 2 қола жүлдеге ие болды.

 

Жүлдегер спортшылар:

  • Забильская Дария – 70 кг, III орын
  • Кулумбетова Сабина – +70 кг, III орын
  • Жанболатұлы Эльнар – 100 кг, II орын

 

Жарыстың келесі күнінде 7 салмақ дәрежесінде жарыстар жалғасады.

 

Чемпионатты Qazsport телеарнасынан және БҚО спорт басқармасының YouTube арнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.

 

Ұлттық спорт – ұлт рухы!

Қосымша ақпарат үшін:

Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

Байланыс үшін: 8708 854 55 96 Айнұр

Instagram: @bqo_sport

YouTube: BQO Sport

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-sport/press/news/details/976203?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді