Полиция қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ұлытау облысы бойынша Департаментінің өкілдері Жезқазған қалалық полиция басқармасының басшылық және жеке құрамымен кездесті.
   «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайтудағы полиция қызметкерлерінің рөлі ерекше екені белгілі, сондықтан, олардың арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аса маңызды.
   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ұлытау облысы бойынша Департаменті Превенция басқармасының басшысы Қуанышбек Абишев қоғамдағы «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайтуда сыбайлас жемқорлыққа қарсы-іс қимылдың маңызын атап өтті.
   Жиынға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары бойынша түсіндірме мен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, жемқорлық үшін жауапкершілік және превенция құралдары бойынша ақпарат алды.
   Бұдан бөлек, полиция қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған тұлғаларды ұстау сәтінен түсірілген бейнематериал көрсетілді.

 

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/977052?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді