Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары №2 су қоймасына барып, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары №2 су қоймасына барып, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты. Биыл бюджетті нақтылау барысында №2 су қоймасының ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Конкурстық рәсімдер нәтижесінде мердігер ұйым ретінде «EVEREST GLOBAL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі анықталып, келісімшарт жасалды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары басталып, жоспарланған кестеге сәйкес жүргізілуде. Жөндеу маусым айына дейін аяқталуы тиіс. Жұмыстар аясында су қоймасының ғимаратындағы ескі терезелері ауыстырылады, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіледі. Қосымша 4 дана қақпа-клапанмен жабдықталған құбырлар орнатылады. Сондай-ақ су қоймасының шатырлары жаңартылып, қатты шатырға ауыстырылады. Бұл шаралар су қоймасының тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. №2 су қоймасының жөндеу жұмыстары қалалық мәслихат депутаттарының бақылауында болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/978362?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді