
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Орал қаласында «Қаладан – Ауылға» ауылды дамыту пилоттық жобасының тәжірибесін зерделеу және жергілікті өзін-өзі басқаруды тиімді дамыту бойынша бірлескен кеңейтілген көшпелі отырысы ұйымдастырылды.
Іс-шараға БҚО әкімдігі аппараты мен аудан әкімдері, өңірлік мәслихат төрағалары және РҚБ мүшелері қатысады.
Жиынға бірлестік төрағасы Төлеубек Мұқашев модераторлық етті.
Отырыс барысында өңірдегі «Қаладан ауылға» пилоттық жобасының жүзеге асырылу барысы мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев, Жаңақала ауданының әкімі Алпамыс Кушкинбаев, Казталов ауданының әкімі Асланбек Саркулов, Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Умралеев сөз сөйлеп, аймақтағы экономикалық-шаруашылық ахуалды баяндады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасында ауылды дамыту мәселесіне ерекше назар аударды. Ол ауыл шаруашылығы кооперациясын қолдау, микрокредит алуға қолжетімділікті кеңейту, инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ ауылдық жерлердегі өмір сүру жағдайларын жақсарту бойынша нақты шараларды белгіледі. Үкімет бекіткен 2023-2027 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы аясында 3,5 мың перспективті ауылды жаңғырту көзделген. Бұл ауылдық жерлердегі халықтың 90 пайызын қамтиды. Тұжырымдаманы жүзеге асыру экономикалық өсім нүктелерін қалыптастыруға, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға, инженерлік желілер мен жолдарды дамытуға және заманауи технологияларға қолжетімділікті арттыруға бағытталған. Алайда, мемлекеттің барлық күш-жігеріне қарамастан, ауыл халқының жыл сайын қалаға қоныс аудару үрдісі жалғасуда. 2024 жылы ауылдық аймақтардан 111 мыңнан астам адам қалаларға көшті. Бұл құбылыстың басты себептері – жұмыс орындарының тапшылығы, инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы және қолайлы өмір сүру жағдайларының болмауы
Айта кетейік, аталмыш жобаның мақсаты – ауылдық жерлерге қоныс аудару арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, жұмыс күші тапшылығын азайту және ауыл шаруашылығын дамыту.
Сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған жаңа бастамалар қарастырылып, көптеген пікіралмасулар болды.
Осы ретте бұл мәселелерді шешудегі мәслихаттар мен жергілікті өзін-өзі басқарудың рөліне баса назар аударылатын болады.
Отырыс соңында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ көшпелі отырысының қаулысы қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/978186?lang=kk

Жауап қалдыру