
Қала аумағында «Таза қазақстан» тазалық шарасы аясында көктемгі санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Атап айтқанда, қураған талдар кесіліп, гүлдер отырғызылуда.
Сонымен қатар, көшелер мен қоғамдық орындарда, саябақтарда тазалық жұмыстары жүргізіліп, бүлінген дүниелерді қалпына келтіру істері жүзеге асуда..
Бұл шаралар – қаламыздың көркі мен тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Таза әрі жасыл қала – бәрімізге ортақ игілік.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/976683?lang=kk

Жауап қалдыру