Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі оқу-өндірістік шебері Васеленюк Е. жетекшілігімен «Зефир флористикасы» тақырыбында облыстық деңгейдегі шеберлік сабағы ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі оқу-өндірістік шебері Васеленюк Е. жетекшілігімен «Зефир флористикасы» тақырыбында облыстық деңгейдегі шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Іс-шараға Қарағанды облысының білім басқармасының өкілдері мен аймақтағы тамақ өндірісі бағытындағы колледждердің өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Мастер-класс барысында қатысушылар зефирден жасалатын флористикалық композициялармен танысып, бұл өнердің нәзіктігі мен шығармашылық мүмкіндіктерін бағалады. Васеленюк Е. зефирді әртүрлі техникалармен өңдеу, түстерді үйлестіру және композиция жасау әдістерін көрсетті. Шеберлік сағаты теория мен практиканы ұштастыра отырып, тыңдаушыларға ерекше әсер қалдырды.
Қатысушылар бұл шеберлік сабағы тәжірибе алмасу алаңына айналғанын атап өтіп, болашақ кондитер мамандарын даярлауда креатив пен сапаның үйлесуі маңызды екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-bilim/press/news/details/977122?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді