
«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында Департамент Қарағанды тамақ және қызмет көрсету колледжінің қызметкерлері мен студенттеріне «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шараның спикері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша өкілі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ардагері Аркадий Набиевич Тілеубердинов болды.Кездесу барысында спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралар, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы және осы келеңсіз құбылыспен күресудегі әрбір азаматтың рөлі туралы айтты.Қоғамдағы құқықтық сана, адалдық, жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.Семинар диалог форматында өтті. Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісіп, азаматтық ұстанымдарын білдірді.Мұндай іс-шараларды өткізу студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың әділдік пен заңдылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған белсенді өмірлік ұстанымын дамытуға көмектеседі.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Жауапкершілік

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-karaganda/press/news/details/977213?lang=kk

Жауап қалдыру