
⚜️16 сәуір күні Қарақия ауданының әкімі Сымбат Қуанышұлының төрағалығымен ауданның өзекті мәселелері қаралған кеңейтілген аппараттық жиналыс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауыл әкімдері мен мемлекеттік мекеме жетекшілері қатысты.
⚜️Күн тәртібінде Қарақия ауданындағы бірқатар әлеуметтік, инфрақұрылымдық және экономикалық мәселелер қаралды. Атап айтқанда:
* Көктемгі санитарлық-тазалық және абаттандыру жұмыстары;
* Ауылішілік және аудандық жолдардың жөндеу барысы;
* Ауыз су және кәріз жүйелерінің жағдайы;
* Білім беру, денсаулық сақтау нысандарындағы түйткілдер;
* Халықпен кері байланысты арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы.
⚜️Сымбат Қуанышұлы әр бағыт бойынша баяндама жасаған сала жетекшілерінің есебін тыңдап, орын алып отырған мәселелерге нақты талдау жүргізіп, міндеттерді шешудің жолдарын айқындады. Аудан басшысы тұрғындар тарапынан түскен ұсыныс-пікірлерді ескерудің және оларды уақытылы шешудің маңыздылығына тоқталып, атқарушы органдардың жауапкершілігін күшейту қажет екенін атап өтті.
⚜️Жиын соңында аудан әкімі Сымбат Қуанышұлы барлық бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалу барысын жеке бақылауына алатынын жеткізді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/978308?lang=kk

Жауап қалдыру