
⚜️Өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын дамыту мақсатында Жетібай ауылындағы №8 орта мектеп пен Құрық ауылындағы №6 орта мектеп базасында Қарақия аудандық «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы сурет байқауы ұйымдастырылды.
⚜️Байқауға 9-16 жас аралығындағы 102 оқушы қатысып, 116 туындысын ұсынды.
Сурет байқауы арқылы оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне назарын аудару, адалдық, парасаттылық, әділеттілік сияқты құндылықтарды насихаттау, шығармашылық әлеуетін дамыту және азаматтық белсенділігін арттыру мақсат етілді.
⚜️Аталған іс-шара Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында «Маңғыстау жергілікті бастама орталығы» қоғамдық қорының және аудандық білім бөлімінің серіктестігімен ұйымдастырылды.
⚜️Әділқазылар алқасы 30 сәуірге дейін «Әділетті Қазақстан!», «Сыбайлас жемқорлықсыз әлем», «Адал азамат», «Парасатты отбасы» номинациялары бойынша үздік туындыларды анықтайды.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/978289?lang=kk

Жауап қалдыру