Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара және ұсақ малдың аналық басын әкетуге тыйым салынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 100 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 7 сәуірдегі №155 бірлескен бұйрығымен  Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың аналық басын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0102) және ұсақ малдың аналық басын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0104) әкетуге алты ай мерзімге тыйым  салынды.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 8 сәуірде №35958 болып тіркелді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/976583?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді