Қазақстан Республикасының VI қысқы Спартакиадасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

          2025 жылғы 8 ақпан мен 13 сәуір аралығында еліміздің Алматы, Щучинск, Риддер және Өскемен қалаларында Қазақстан Республикасының VI қысқы спартакиадасы өтті. Ауқымды спорттық шараға еліміздің барлық үздік спортшылары қатысып, өз өңірлерінің намысын қорғады. Биылғы спартакиадада шайбалы хоккей, шаңғы қоссайысы, шаңғымен секіру, шаңғы жарысы, фристайлдың акробатика және могул түрлері, сноуборд, тау шаңғысы, керлинг, шорт-трек, биатлон, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанау сынды спорт түрлері қамтылды. 11 сәуір күні Спартакиаданың жабылу салтанаты өтті. Қорытынды есеп бойынша:
Ақмола облысы 16 алтын, 9 күміс, 4 қола жүлдемен орынға ие болса,
Астана қаласы 15 алтын, 18 күміс, 9 қола жүлдемен орынға,
Қостанай облысы 7 алтын, 7 күміс, 10 қола жүлдемен орынды иеленіп, өңір қоржынына тағы бір медаль салынды.
           Қатысқан барлық спортшыларға алғыс білдіре отырып, оларды алда күтіп тұрған жаңа жарыстар мен жетістіктер жолында сәттілік тілейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sport/press/news/details/976145?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді