Қазақстанда «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» күні – ғашықтар мерекесі тойлануда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда 15 сәуірде ғашықтар мерекесі – «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» күні тойланады.

2011 жылдан бастап «Ұлттық ғашықтар күні» аталып өтіледі. Ондағы мақсат – көпшілікке махаббат, адалдық пен адамгершілік сияқты нағыз биік сезімдерді насихаттау. Бұл мейрам ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тараған, халық ауыз әдебиетіндегі ғашықтар Қозы мен Баянның махаббат хикаясына арналған.

Ғашықтар күніне орай  бірқатар іс-шаралар жоспарланған:

– «Астана Балет» театры — екі бөлімнен тұратын «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» эпостық балеті;

– Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры — «Қозы мен Баян» трагедиясы;

– Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры — «Сезім хаттары» қойылымы;

– Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры — опера солистері Венера Алпысбаева мен Нұржан Бажекеновтың «Екеуге арналған гармония» атты концерті;

– Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі — «Махаббат мәңгі ертегі» концерті;

– Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры — «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» музыкалық драмасы.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/976816?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді