
6-нысан бойынша анықтама – өтініш берушінің атында жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқ екенін растайды. Бұл мәлімет жылжымайтын мүлік мәмілелері, кредит алу сияқты әртүрлі заңды және әкімшілік процедуралар үшін қажет.
⠀
Бұл қызметті eGov.kz порталында және eGov Mobile қосымшасында алуға болады. eGov.kz анықтаманы алу үшін:
– авторизациядан өтіп, «Жылжымайтын мүлік» – «Сатып алу, сату, жалға алу» бөлімін таңдаңыз;
– «Ф-6 анықтамасы (жылжымайтын мүліктің болуы туралы)» анықтамасына өтінім беріңіз;
– «Қызметті алу» бөлімінде қызметті кімге алып жатқаныңызды таңдаңыз;
– барлық жолдарды толтырыңыз;
– өтінімге қолжетімді әдістердің бірімен қол қойыңыз;
– қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте таныса аласыз
⠀
Айта кетейік: қызметті келесі банктердің мобильді қосымшаларынан да алуға болады:
– Kaspi Bank;
– Halyk Bank;
– Еуразиялық банк;
– Банк ЦентрКредит;
– Freedom Bank.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe-berezovka/press/news/details/977959?lang=kk

Жауап қалдыру