
Қозғалыстың жас инспекторлары жасақтарының XXVII облыстық слеті
2025 жылғы 11 сәуірде Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығы Қостанай облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасымен бірлесіп, қозғалыстың жас инспекторлары жасақтарының XXVII облыстық слеті өткізілді.
Слетке 16 команда – аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты.
Облыстық ҚЖИ слетінің барлық қатысушылары өз сөздерінде конкурстық бағдарламаның негізгі номинациялары бойынша сапалы дайындық пен жақсы нәтижелер көрсетті. Бірақ, әр байқаудағыдай, әрқашан жеңімпаздар бар.
Барлық слет қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды:
– 1 орын «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 19 негізгі жалпы білім беретін мектебі» ММ «Жалынды жасақтар» командасы;
– 2 орын «Қостанай ауданы білім бөлімінің Заречный жалпы білім беретін мектебі» КММ «Жігер» командасы;
– 3 орын «Рудный қаласы білім бөлімінің № 13 жалпы білім беретін мектебі» КММ «Дорожный дозор» командасы;
Төртінші орынды «Наурзым ауданы білім бөлімінің Докучаевка жалпы білім беретін мектебі» КММ «Зеленый свет» командасы иеленді.
Барлық командалар мен жеке қатысушылар – слет байқауларында жүлделі орындардың иегерлері білім басқармасының және полиция департаментінің грамоталарымен марапатталды. Слет жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Балаларды слетке дайындаған барлық педагогтарға және балалардың өздеріне таланты, шеберлігі мен еңбекқорлығы үшін алғыс айтқым келеді!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/976786?lang=kk

Жауап қалдыру