
ҚР Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы Талғат Сапарғалиев жұмыс сапарымен Осакаров ауданында болды. Ол аудандағы “Гиперборея” ЖШС және кірпіш зауытының құрылысын салып жатқан “Алтын Алқап Крг” ЖШС сияқты ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты.
“Гиперборея” ЖШС қуаты 150 МВт жел электр станциясын салу жобасын іске асыруда. Жоба құны 50 миллиард теңгеге бағаланған 21 жел электр станциясын орнату. Құрылысты 2026 жылы аяқтау жоспарлануда. Талғат Сапарғалиев ЖШС өкілдерімен әңгімелесті, ЖШС техникалық директоры жобаны іске асыруда проблемалар жоқ екенін айтты.
Біріккен Қытай-Қазақстан компаниясы кірпіш зауытының құрылысы жүргізіліп жатқан учаскеде өңірлік инспекторға құрылыс барысы көрсетіліп, жоспарлары туралы айтылды.
Зауыт ашылғаннан кейін жылына 45 млн. кірпіш шығару жоспарлануда, 40 жұмыс орны ашылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-osakarovka/press/news/details/978513?lang=kk

Жауап қалдыру