Құрметті демалысқа шығарып салу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Бұқар Жырау ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ерсін Жүнісбеков пен №22 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Қайрат Текебаевті құрметті еңбек демалысына шығарып салу рәсімі өтті.

ТЖД басшылығы ардагер қызметкерлерге ұзақ жылдар бойы атқарған адал еңбегі, кәсіби біліктілігі мен ерлікке толы қызметі үшін алғысын білдірді.

Іс-шара соңында зейнеткерлерге сый – құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табысталды.

Сіздерге жаңа өмір белесінде зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, берекелі өмір тілейміз!

Қарағанды облысы ТЖД

 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/979148?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді