Сандықтаулық тыл ардагері 100 жас мерейтойын атап өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай Максимовка ауылының тұрғыны, тыл ардагері Анастасия Ивановна Попрыгинаны 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«Сізге шынайы құрметімді және үлкен алғысымды білдіремін. Сіздің ерлігіңіз, жанқиярлық еңбегіңіз бен шексіз патриоттық сезіміңіз – өскелең ұрпаққа үлгі», – деді аудан әкімі.

Анастасия Ивановна Попрыгина Молотов ауданына қарасты Богородка ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдарында, ел басына күн туған шақта, ол трактор тізгіндеп, майданды азық-түлікпен және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге үлес қосты.

1946 жылы Васильевка ауылына қоныс аударып, еңбек жолын жалғастырды – алдымен жұмысшы, кейін балалар бақшасының меңгерушісі болып еңбек етті.

Анастасия Ивановна өзінің саналы ғұмыры мен маңдай тер еңбегі арқылы ауыл шаруашылығының дамуына және туған өлкенің өркендеуіне елеулі үлес қосты. Оның өмір жолы – ерлік пен рухтың, Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/975961?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді