
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ арасында теміржол көлігіндегі санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету үшін келісім жүзеге асырылуда. Бұл келісімнің негізгі мақсаты – инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу, сондай-ақ теміржол көлігі объектілерінде инфекциялық, паразиттік және кәсіптік аурулардың алдын алу.
Осы мақсатта, Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Қарағанды аймақтық бөлімшесі Балқаш стансасында пойыз бригадаларының және жолсеріктердің арасында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстар көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету объектілеріне, сондай-ақ желдету мен ауаны баптау жүйелерін дезинфекциялауға қатысты санитарлық талаптарды орындауға бағытталды.
Сонымен қатар көлік қызметкерлерімен медициналық тексерулерді және халықпен скрининг тексеруден өту мәселелері айталып өтті. Сондай-ақ, іс-шара аясында қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі тұстарымен таныстырды. Кеңеске «Вагонсервис» АҚ жолаушылар тасымалы вагондарын жөндеу жөніндегі Ақмола филиалының Қарағанды телімінің Балқаш станциясы жұмыскерлері де қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/978849?lang=kk

Жауап қалдыру