
Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде халықпен кері байланыс орнату мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Е.Қайдаровпен, және облыстың заң қоғамдастықтарының өкілдерімен бірлесіп Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданының Бозанбай, Алғабас ауыл тұрғындарымен «кездесу» өткізілді.
«Кездесу» барысында қатысушыларға мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу, зияткерлік меншік құқықтарын тіркеу, жылжымайтын мүлікті жекешелендіру, мұраны ресімдеу, сондай-ақ жеңілдетілген атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша ақпараттар берілді.
Қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/976974?lang=kk

Жауап қалдыру