
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде жазғы киім үлгісіне өту аясында саптық байқау өткізілді.
Байқау барысында Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалды. Сонымен қатар, жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі өткізілді.
Іс-шарада қызметкерлердің киім кию ережесін сақтауы, иық белгілері, эмблемалар, шеврондар мен айрықша белгілердің дұрыстығы мен ұқыптылығы тексерілді.
Жалпы мұндай саптық байқаулар бөліністерде саптық жүріс мәдениетін және машықтанудың деңгейін арттырып, тәртіпті, ұйымшылдықты және жарғы тәртібін нығайтуға көмектеседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/978384?lang=kk

Жауап қалдыру