Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп: әдеп жөніндегі уәкілдердің жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы рөлі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» нарративін іске асыру шеңберінде, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкілдерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп» ұйымдастырып, өткізді.

Іс-шараға қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, облыстық басқармалардың, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің әдеп жөніндегі уәкілдері қатысты. Мектептің жұмысы мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатындағы әдеп жөніндегі уәкілдер институтының құзыретін арттыруға және рөлін нығайтуға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі: қағидаттар, міндеттер және қызметінің тиімділігі” тақырыбында баяндама жасап,  бұл бағыттағы жүйелі жұмыстың маңыздылығына және әдеп жөніндегі уәкілдердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға белсенді қатысуына баса назар аударды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басшысының ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Дархан Хайруллин әдеп жөніндегі уәкілдердің мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу қызметіндегі проблемалары мен оларды шешу жолдарын атап өтіп, әдептілік мәдениетінің деңгейін үнемі арттыру және профилактиканың заманауи әдістерін енгізу қажеттігін атап өтті.

Әдеп тәртібі және жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту мәселелеріне облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мира Беккужина ерекше назар аударып, тәлімгерліктің рөліне және жаңа бастаған мемлекеттік қызметшілерде адамгершілік бағдарларды қалыптастыруға баса назар аударды.

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан филиалының директоры Жанар Бұқанова сөз сөйледі. Ол «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана. Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты көзқарас қалыптастыру әрбір қызметшінің жеке жауапкершілігінен басталуы тиіс екенін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектептің қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға оқуға қатысқанын растайтын сертификаттар табысталды.

Мұндай іс-шараларды өткізу әдеп жөніндегі уәкілдер институтын нығайтуға және мемлекеттік басқаруда сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.

#Заң_мен_тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/977228?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді