«Тарихымды танып-білгім келеді» атты танымдық экскурсия өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

18 сәуір — Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай, Жаңақорған ауданында жастарға арналған ерекше танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Шара Жаңақорған ауданы Қоғамдық даму бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің әлеуметтік тапсырысы аясында, “Қызылорда облысының жастар одақтары” қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен өтті.
Экскурсияға тарихқа қызығушылығы жоғары белсенді жастар, жұмыссыз жастар мен пробациялық бақылаудағы азаматтар қатысты. Мақсат — жастардың тарихи танымын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру.
Қатысушылар алдымен Сунақата кесенесіне барып, көне Сығанақ қалашығының орнымен танысты. Мұнан кейін аудандық тарихи-өлкетану музейін аралап, Хорасан ата мен Төлегетай-Қылышты ата кесенелеріне зиярат етті. Әрбір тарихи орын жастарға ата-бабаларымыздың бай мұрасынан сыр шертіп, өткеннен тағылым алуға мүмкіндік берді.
Бұл бастама – тек бір күндік саяхат емес, жастардың жүрегіне ел тарихына деген мақтаныш пен жауапкершілік сезімін ұялатқан рухани сапар болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/978908?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді