«Таза ойындар» экосенбілігі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жастардың күшімен-таза қала! (-2,5 тонна)

Өскемен қаласында «Таза ойындар» экосенбілігі дәстүрге айналды. Өткен демалыс күні қала тұрғындары — еріктілер, студенттер және қоршаған ортаға бейжай қарамайтын жандар Назарбаев даңғылы бойындағы аумақты тазартуға уақыттарын арнады.

Әр жиналған қапқа қатысушыларға ұпайлар берілді. Қосымша ұпайлар қоқысты сұрыптау және ерекше заттарды — «артефактілерді» табу үшін есептелді.

Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды:
1 орын — 100 000 теңге
2 орын — 80 000 теңге
3 орын — 60 000 теңге

Сондай-ақ, қайта өңделген шыныдан жасалған сыйлықтар табысталды. Қатысушылар үшін экологиялық викторина, хош иісті шай және дәстүрлі дәм ұсынылды.

21 команданың үйлесімді жұмысының нәтижесінде 280 қап — 2,5 тонна қоқыс жиналды!

«Таза ойындар» экосенбілігіне қатысып, қаламыздың экологиялық мәдениетін сақтауға және жақсартуға үлес қосқан баршаңызға алғыс білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/975624?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді