Тегін медициналық көмек көрсету жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔷Қаратал ауданында да Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында 9 мамырға дейін жалғасатын денсаулық айлығы басталды. Аудан көлемінде тыл ардагерлеріне тегін медициналық тексерулер мен кеңес беру, диагностикалық көмек көрсету жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

🔻Жасы келген тыл ардагерлерінің көпшілігі үшін ауруханаға барып-келу қиын болғандықтан, дәрігерлер арнайы үйлеріне барып қызмет көрсетуде. Осыған орай ұйымдастырылған мобильді бригадалар Қаратал ауданындағы 84 тыл ардагерін қамтуды жоспарлап отыр. Медициналық көмек аясында ардагерлердің денсаулық жағдайы тексеріліп, қажетті ем-дом мен ұсыныстар берілуде.

🔻Бұл шара — ардагерлерге құрмет көрсетудің бір үлгісі әрі олардың денсаулығына көңіл бөлудің нақты көрінісі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/976447?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді