
Ақмола бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Бурабай-Курорты станциясының теміржол вокзалында этиологиясы анықталмаған (түсініксіз) қызбаға күдік туындаған жағдайда кешенді оқу-жаттығу іс-шарасын өткізді.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – теміржол вокзалындағы медициналық қызметтердің төтенше жағдайларға дайындығын бағалау, соның ішінде медициналық пункт, жедел медициналық жәрдем және басқа да тиісті ұйымдар арасындағы іс-қимыл үйлесімділігін пысықтау болды.
Іс-шара барысында шартты түрде анықталған науқасты дер кезінде анықтау, оқшаулау, алғашқы медициналық көмек көрсету және мамандандырылған медициналық мекемеге шұғыл түрде жатқызу әрекеттері егжей-тегжейлі қарастырылды. Сонымен қатар, осындай жағдай туындаған кезде тиісті мекемелер арасындағы ақпарат алмасу және өзара әрекет ету алгоритмдері нақтыланып, жетілдірілді.
Қатысушы мамандардың кәсіби дайындығы мен жедел әрекет ету қабілеті жоғары деңгейде көрсетілді. Бұл оқу-жаттығу осындай төтенше жағдайлардың алдын алуға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/979121?lang=kk

Жауап қалдыру